Қызылорда облысы ТЖД жазуынша, 12 қаңтарда сағат 21:40-та Тасбөгет кентіндегі Наурыз көшесі N20 мекенжайда екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шыққаны туралы 112 құтқару қызметіне хабарлама түскен.
Қызылордада екі кішкентай сәби мен ана ажалдан аман қалды
657
оқылды

Хабарлама бойынша шақырту орнына жедел жетіп, барлау жұмысы барысында екіқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің ауданы 12 шаршы метр - асхана бөлмесінде тұрмыстық заттар өртеніп, соның салдарынан подъезді толығымен түтін басқаны анықталды, - деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Өрт сөндірушілер түтін ішінен 2021 жылы туған және 2023 жылы туған сәбилерді анасымен бірге құтқарып, медициналық жедел-жәрдем бригадасына тапсырды.

Өрт сағат 21:58-де толығымен сөндірілді.

Өрттің болжамды себебі - электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өрт салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмысына N4 өрт сөндіру бөлімінен, өрт сөндіру кезекші қызметінен, арнайы қызметтерден мамандар (8 техникасымен 23 қызметкер) жұмылдырылды.