Парламент Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәм­бе­тов пен Дмитрий Колода Петропавлдағы №1 қалалық ем­хананың жаңадан ашылған филиалының жұмысымен та­нысты.
Жаңа емхана тұрғындарға қуаныш сыйлады
688
оқылды

Өткен жылдың күзінде Петро­пав­л­дағы «Жас өркен» ықшамауданында №1 қалалық емхананың жаңа фи­лиалы ашылған болатын. Жаңа фи­лиал­дың ашылуымен қалада емхана ке­зегінде тұратын  ұзын-сонар тізбек мә­се­лесі біржола шешіліп отыр. Ем­ха­на бір ауысымда 250 адамды қабыл­дай алады.

Бүгінде емханада интернет м­ә­се­лесі шешіліп жатыр. Жаңа меди­ци­на­лық мекеме 35 мыңға жуық адамға қыз­мет көрсетеді. Ал жалпы №1 қа­лалық емханада барлығы 75 мың адам тіркеуде тұрған  көрінеді.

«Бұл – «Жас Өркен» шағынауда­нын­да ашылып отырған алғашқы ем­хана. Петропавлдың жаңа дамып ке­ле жатқан ауданына әлеуметтік ны­сандар қажет. Қазірдің өзінде ин­но­ва­циялық оқушылар сарайы, заманауи спорт кешені, жаңа театр бар. Енді е­мхана жұмыс істей бастады. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы әзірленіп жатқанда біз бұл нысанды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша қостық. Мұнда қосымша 70-ке жуық қызметкер тар­тылатын болады. Бірден бірнеше мә­селе шешілуде», – деп атап өтті Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Ер­кеб­ұлан Мәмбетов.

Жаңа емхананың стационары 15 тера­пиялық жатын орынға есептелген. Сондай-ақ емдеу мекемесі заманауи та­лап­қа сай жарақтандырылған. Тұр­ғындар үшін рентген, флюорография, эндоскопиялық кабинет, функцио­нал­ды диагностика, жеке зертхана, яғни, барлық диагностикалық қызмет түрлері көрсетіледі.

«Ең бастысы, жаңа емхананың ашылуы­мен біз ұзын-сонар кезек мә­се­лесін шешеміз. Сондай-ақ емдеу ме­кемесіне жаңа жабдықтар орнатыл­ды. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін қо­сымша учаскелер құрдық. Бүгінде 300-ге жуық маман еңбектеніп жа­тыр», – деді №1 емхананың директоры Николай Новиков.

Қазір мекеме басшылығы маман­дарды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Барлық медициналық ж­о­ғары оқу орнын аралап, жаңа ма­ман­дар­ды іздеп жатыр. Негізінен, ем­ха­на­ға тәжірибелік дәрігерлер қа­жет бо­лып тұр.

Бердібек ҚАБАЙ