Аутизм спекторы бұзылған елордалық спортшы Дастан Ордабай Аустралияның Балларат қаласында өткен 2024 жылғы Virtus Oceania Road Cycling World Series велоспорт чемпионатында жеңіске жетті.
Аустралия турнирінде жеңіске жетті
1,274
оқылды

World Cycling Series құрамына 62 пара спортшы қатысқан Para-cycling чемпионаты кіреді. UCI Para-cycling физикалық, визуалды, интеллектуалды және есту қабілеті нашар спортшыларға арналған.

Қазақстан атынан бұл турнирге «Зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт феде­рациясы» РҚБ пара-спортшысы, аутизм спектрі бұзылған Дастан Ор­да­бай қатысты. Астаналық спорт­шы II-3 санатына (зияткерлік бұзу­шылықтар) 18,8 шақырым қа­шықтықтағы жеке уақыт жарысына және 5,5 шақырым қашықтықтағы критериумға қатысты.

«2024 жылғы 2-8 қаңтар ара­лығында Аустралияның Балларат қаласында 2024 Virtus Cycling World Series әлемдік жарысы өтті.

Қазақстан бұл бәсекеде аутизм диагнозы қойылған қатысушыларға арналған жаңа II-3 санатында сәтті өнер көрсетті. Дастан Ордабай бұл сында екі алтын медаль жеңіп алды. Ол аутизм спектрі бұзылған алғашқы азиялық спортшы атанып, Қазақстан тарихында өз ізін қалдырды», – деп атап өтті федерация президенті Дина Темірғалиева.

Жарысты Аустралияның вело­спорт федерациясы Аустралияның Virtus мүшелері болып саналатын Sport Inclusion Australia компания­сымен бірлесіп ұйымдастырды және UCI бақылауымен және кураторлы­ғымен өтті.