Сарапшының болжамы бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтірген.
"Шашын тақырлап алып, зорлаған": талдықорғандық қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: әлеуметтік желіден
1,397
оқылды

Осыдан үш айға жуық уақыт бұрын жоғалған Карина Дарохинаның мүрдесі бірнеше күн бұрын Текелі тауынан табылған болатын. Кеше жасөспірім қыздың өліміне қатысты жаңа деректер мәлім болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Сарапшының болжамы бойынша, Каринаны арқанмен буындырып өлтірген. Оған дейін қыздың шашын тақырлап алып тастағаны да белгілі болды. Ең сорақысы, сараптама оқушының жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын да анықтаған.

«Оқушы қыздың мәйітіне жасалған сараптаманың алғашқы нәтижесі бойынша оны буындырып өлтірген деген қорытынды жасалды. Сондай-ақ, жасөспірімнің бұған дейін сексуалдық қарым-қатынаста болғаны және шашын тақырлап алып тастағаны анықталды, – деп хабарлады жергілікті полициядағы ақпарат көзі.

Қазір полиция қылмысқа күдікті ретінде ұсталған өгей әкені зорлауға қатысты қайта тексеруді бастады. Сондай-ақ оның отбасындағы басқа да балалары тиісті тексеруден өткізілмек. Және бүгін Талдықорғандағы жақындары мен достары Карина Дарохинаның денесін жер қойнына тапсырды.