Алдағы күндері күн суытады.
"25-30 градус аяз": демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
5,438
оқылды

"Қазгидромет" РМК демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері күн суытады.

"Республиканың басым бөлігінде қар жауады, қарлы бұрқасын соңы аязға ұласады. Ауа температурасы республиканың батыс, солтүстік пен орталығында 25-30 градус аяз болады. Шығыста 15-20 градус аяз, ал оңтүстікте 5-15 градус аяз күтіледі", – деп жазылған хабарламада.