43 жастағы әнші ерекше образын Instagram парақшасында көрсеткен.
Дильназ Ахмадиеваның желіге жүктеген фотосы жігіттердің жүрегін жаралады
941
оқылды

Танымал эстрада әншісі Дильназ Ахмадиева әлеуметтік желіде жаңа образдағы суретін жариялады, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Оның мінсіз мүсіні көпшіліктің қызығушылығын тудырды. 

Өнер иесі "Синергия "атты жаңа туындысының жарыққа шығуына орай фотосессия жасапты.

"Махаббатпен жасалған", – деп жазған әртіс фотосының астындағы түсініктемесінде.

Желі қолданушылары Дильназ Ахмадиеваның дене сымбатына тәнті болып, оған түрлі пікір білдірген.

"Сөз жоқ. Фигурасы тым бөлек", "Мінсіз мүсінді ару, нағыз қуыршақ секілді", "Өртсөндіргіш қажет. Мына сурет өртеп жатыр", "Дильназ 30 жыл бұрын да дәл осындай сұлу еді", "Көрікті", "Дене сымбатына тәнтімін. Босанған соң тез-ақ қалпына келіп алды", "Ел мақтанарлық жан. Фотосессия от болыпты" деп жазуда көпшілік.