Аталған мәселеге қатысты мәлімдемені министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Аида Балаева «Қазақфильм» төңірегіндегі дауға қатысты мәлімдеме жасады
1,099
оқылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» АҚ киностудиясына қатысты жағдайға жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Министр «Қазақфильм» айналасында болып жатқан мәселелерден хабардар екенін айтты.

«Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатын болады. Аты аңызға айналған «Қазақфильмнің» бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін. Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз», – деді министр.