Алматыда үстел теннисінен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеде Астана, Алматы, Шымкент қаласынан және 17 облыстан іріктелген спортшылар бақ сынап жатыр.
Үстел теннисінен чемпионат басталды
1,371
оқылды

Алты күн бойы өтетін сайыста теннисшілер командалық, жұптық және жекелей сында жарысады. Мұнда жас шектеуі жоқ. 11 қаңтарда командалық есеп бойынша үздіктер анықталады. Ал жұптық немесе жекелей жарыстың жеңімпаздары 15 қаңтар күні марапатталады. Чемпионатта топ жарған үздік спортшылар ұлттық құрама сапына өтеді. Осылайша, 16 ақпанда Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. 

– Қазір мұнда облыстық, қалалық жарыстың жеңімпаздары өнер көрсетуде. Ұлттық құрамаға іріктеу 4 жыл сайын өтіп тұрады. Бұл спортқа деген жастардың қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Өйткені үстел теннисі – қызық әрі барлық адамға қолжетімді спорт түрі, – деді халықаралық дәрежедегі төреші Александр Перевалов.