Ашуға мінген әйел алдымен жігіттің арқасына, сонан соң құрбысына пышақ сұғып алған.
Шымкентте әйел көңілдесі мен құрбысын пышақтап өлтірді
Фото: ҚР ІІМ
1,353
оқылды

Шымкентте 2 адамды өлтірген әйел сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 35 жастағы әйел көңілдесі және құрбысымен бірге спирттік ішімдік ішкен. Арада біраз уақыт өткен соң көңілдесі мен құрбысы бір-біріне қызығушылық таныта бастаған. Айыпталушыға бұл әрекет ұнамай, алдымен ескерту жасаған, оның бұл сөзіне жігіт дөрекі жауап берген. Ашуға мінген әйел алдымен жігіттің арқасына, сонан соң құрбысына пышақ сұғып алған.

Ер адам оқиға орнында көз жұмса, жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Екі адамды пышақтап өлтірген әйел сол күні ұсталды. Ол кінәсін мойындады.

Сот оған 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады.