Бұл материалда кейбір шетелдік зерттеу деректеріне сүйене отырып, орамжапырақтың адам ағзасына тигізетін пайдасы жайлы жазылған.
Орамжапырақтың ағзаға 5 пайдасы
аqmeshit-aptalygy.kz
3,050
оқылды

Орамжапырақ брокколи және гүлді қырыққабат сияқты көкөніс, оның қатты орталық үлкен сабағы және жеуге жарамды жапырақтары бар. Әдетте орамжапырақ қою жасыл түсті, әртүрлі түсте, соның ішінде күлгін түсті де болады. Жапырақтардың шеттері жалпақ немесе бұйра. Орамжапырақты сатып алғанда, сіз оны әдетте тұтас немесе алдын ала кесілген түрде аласыз, оны шикі немесе жеңіл піскен күйінде жеуге болады.

1. Иммунитетті сақтай алады

Орамжапырақта шпинатқа қарағанда С дәрумені төрт есе және селен екі есе көп. Сонымен қатар Е дәрумені мен бета-каротин сияқты қоректік заттар бар. Мұның бәрі сау иммундық жүйені сақтау үшін маңызды.

2. Сүйекке пайдалы

Орамжапырақта қазіргі диетада жетіспейтін көптеген минерал бар. Бұл күшті сүйектер мен тістерге қажет өсімдік кальцийінің негізі және оксалат деп аталатын табиғи қосылыстың төмен деңгейіне ие. Яғни, ол кальцийді сіңіруге қолжетімді етеді. Орамжапырақта сонымен қатар К витамині бар. Зерттеулер сүйектің сау метаболизмін сақтау үшін D дәруменімен әрекеттесетінін көрсетеді.

3. Жүрек ауруынан қорғай алады

Мұнда жүректің жұмысын жақсартатын бірқатар қоректік зат бар. Соның ішінде сау қан қысымын қолдайтын калий. Орамжапырақтың тағы бір артықшылығы: оның құрамында холестеринмен байланысатын және оның деңгейін бақылауға көмектесетін заттар бар. Зерттеулер көрсеткендей, сіз оны шырын қылып сығып немесе бумен пісірсеңіз де, оның құнары кемімейді.

4. Қатерлі ісіктен қорғай алады

Орамжапырақ қоректік заттарға бай болумен қатар, сульфорафан және индол-3-карбонол сияқты ісікке қарсы заттарға бай. Зерттеулер перспективалы болғанымен, бірақ бізде әлі де жетілдіретін тұсы көп.

5. Көзге пайдалы

Орамжапырақ фитонутриенттерге, лютеинге және зеаксантинге бай.  Олар біздің көзіміз бен көру қабілетімізді арттырады. Осы қоректік заттардың жеткілікті мөлшерін тұтыну жасқа байланысты туындайтын макулярлы дегенерация мен катаракта қаупін азайтады.

Орамжапырақ барлығына қауіпсіз бе?

Орамжапырақтың дені К витаминінен тұрғандықтан, антикоагулянттарды қабылдайтындар (әдетте қанды сұйылтатын дәрілер деп аталады) олардың жейтін мөлшерін ескеруі керек. Әдетте бұл дәрі-дәрмекті қабылдаған кезде шамамен бірдей диетаны сақтауға тырысу ұсынылады. Диетаға елеулі өзгерістер енгізбес бұрын, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Қалқанша безінің проблемалары бар немесе қалқанша безінің дәрі-дәрмектерін қабылдайтын адамдар орамжапырақ тәрізді көкөністерді тұтынуда есте ұстауы керек. Себебі олар қалқанша безінің йодты сіңіру қабілетіне ықпал етуі мүмкін.

Ақпарат bbcgoodfood.com сайтынан алынды.