2024 жыл NASA-ның Күнді зерттеуі табысты болмақшы. Ғарыш агенттігі күн зонды миссиясына сәйкес, Parker Solar ғарыш кемесін «Күнге қондыруды» жоспарлап отыр.
Parker Solar ғарыш кемесі Күнге барып қонады
Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: Naeblys/Adobe
1,280
оқылды

Адамзат тарихында ешқандай ғарыш аппараты ыстықтығы 6 000 градус болатын алып жұлдызға жақындап көрген емес. Америкалық ғарыш агенттігі миссиясы Күннің атмосферасына арнайы аппаратты «қондыратынын» bgr.com сайты жариялады. Aikyn.kz  мұндай таңғаларлық оқиғаның қалай, қашан болатынын түсіндіреді.

Фото bgr.com сайтынан алынды. Авторлығы: satori/Adobe

Бетінің ыстықтығы цельсия бойынша 6 000 градус болатын Күнге аппарат қондырудың мүмкін еместігін дұрыс түсінген жөн. Күн жүйесіндегі ең үлкен жұлдыздың беті ғарыш кемесі қонуға болатындай сөнген қатты зат емес. Оған жақындаудың өзі, қазірше мүмкін емес. Дегенмен NASA Күнге жақындаудың өзін «жұлдызға қону» деп сипаттаған.

Өте жақын қашықтыққа Күнге жақындау екінші рет болайын деп тұр. Бірақ алғаш рет Parker Solar зонды Күн атмосферасына кіретін болады. Бұған дейін де Parker өзінің зерттеулерінде көптеген рекордтар орнатты және оны жалғастыра беретініне ғарыш мамандар сенімді. Бұл миссия Күнде болып жатқан процестерді жақсы түсінуге және зондты күн бетіне өте жақындатуға көмектеседі деп күтілуде.

Фото vk.com/@scietechspace аккаунтынан алынды

Бірақ Parker-дің миссиясы іске асыру, оны Күннің амтосферасына «қондыру» оңай болмайды. Ғарыш кемесі өзінің сапарында Күнге өзінен бұрынғы басқа ғарыш кемелерімен салыстырғанда жеті есе жақын барып, қатты ыстық пен радиацияның әсерін сезінеді. Бұл шынымен де зонд үшін бұрын-соңды болмаған және зерттелмеген ұшу тәжірибесі және NASA бұл сынақтың қалай аяқталатынын білмейді.

Фото rg.ru сайтынан алынды. Авторлығы: iStock

Дегенмен мамандардың айтуынша, бұл зерттеу тәуекелге тұрарлық, өйткені Parker Solar Probe Күн мен оның беті туралы көбірек деректерге қол жеткізуі мүмкін. Бұл зерттеушілерге 2025 жылы Күннің белсенділігінің максимумына жақындаған сайын маңызды болып, болашақтағы Күндегі өзгерістерді болжауға толығырақ ақпарат алуға көмектеседі.

Миссия 2024 жылдың 24 желтоқсанында Parker-дің Күнге «қонуымен» аяқталады, ол кезде зонд Күннің жанынан шамамен 700 000 км/сағ жылдамдықпен ұшып өтеді.

Төмендегі видеода Parker-дің 2019 жылғы Күнге саяхатының нәтижелері көрсетілген: