Орал қаласының тұрғындары сирек кездесетін табиғи құбылысты суретке түсірген.
Оралдағы ғажайып табиғи құбылысты суретке түсірді
637
оқылды

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралып отыр. Түрлі түсті бағаналарға ұқсайтын ерекше құбылысты тұрғындар тек қатты аяз кезінде көре алады екен.

Мамандардың айтуынша, аталмыш оптикалық эффектің себебі жарықтың кристалды мұздармен шағылысуынан және ауаның күрт суытуынан туындап отыр.

Ерте заманда мұндай түрлі-түсті жарық бағаналарының пайда болуын Құдайдың белгісі деп, байлық пен бақытқа бағаласа керек. 

 

Фото: tengrinews.kz