Талдықорғанда полиция қызметкерлері қос бірдей екі адамды өлтірді деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады.
Полицейлер Талдықорғанда екі адамды өлтірген күдіктіні ұстады
629
оқылды

Белгілі болғандай, соңғы бірнеше күнде күдікті көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде тығылып жүрген. Қазіргі уақытта күдікті қалалық полиция бөліміне жеткізілді.

 Күдікті бұрын сотталған көрші Алматы облысының тумасы болып шықты. Ұсталған адам қазірдің өзінде кінәсін толығымен мойындады.   

Естеріңізге сала кетейік, полиция қарт әйел мен оның 52 жастағы ұлын өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Олардың мәйіті 5 қаңтарда Талдықорғанның жер үйден табылды. Мәйітте зорлық-зомбылық ізі болды. Жедел іздестіру барысында полицейлер 43 жастағы ер адамның қылмысқа қатысы барын анықтады. Оның жеке басын анықтауға қылмыс орнында қажетті дәлелдер мен іздерді жинаған криминалистер көмектесті. Талдықорған қалалық полициясы мен облыстық департаментінің қызметкерлері күдіктіні іздеп, ұстады. Күдіктіге қатысты дерек әлеуметтік желілерде жарияланды. Қылмысты ашуға полиция бөлімдері атсалысты.

Іс бойынша тергеу ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес жүргізілуде. Ұсталған ер адам қамауға алынды.

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы