Кәсіпкерлік бағыт немесе жарнама үшін салық міндеттемелері жүктеледі.
Мобильді аударым арқылы қайырымдылыққа қаражат жинаса салық төлей ме?
754
оқылды

Мобильді аударымдар арқылы қайырымдылыққа жиналған қаражатқа салық салынбайды. Бұл туралы
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

«Егер қаражат, мысалы, баланы емдеуге жиналса және әртүрлі адамдардан 100-ден астам транзакция жасалса, бұл жағдайда бізге тиісті ақпарат түседі. Біз ол адамға хабарлама жібереміз. Сол кезде ол ақшаны не үшін жинағанын және оны қайда бағыттағанын, кәсіпкерлік мақсатты көздемегенін айта алады. Бұл жағдайда салық міндеттемесі болмайды.

Кәсіпкерлік бағыт немесе жарнама үшін салық міндеттемелері жүктеледі.

Ал егер қайырымдылыққа бағытталған болса, онда ешқандай салық міндеттемесі болмайды. Сондай-ақ туыстар арасындағы аударымдарға да шектеу қойылмайды», – деді ол.