Әнші қызына Амина деген есім берді.
"Сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс": Алтынай Жорабаева сәбиінің есімін айтты
1,206
оқылды

Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бесінші қызына қандай есім бергенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші қызына Амина деген есім берді.

"Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым – бес бармағым. Барлық мақтау мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім, сіздердің "аман-есен жаның қалсын" деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс", – деп жазды өнер иесі.