Түнде 300-ден аса жұмысшы, 1200-ден аса техника қар тазалауға шықты.
Елордада коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр
486
оқылды

Астанада жауын-шашынның мол түсуіне байланысты коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түнде 300-ден аса жұмысшы, 1200-ден аса техника көшелердегі қарды тазалауға шықты. Жолдарда кептеліс болмас үшін алдымен көлік ағыны жоғары көшелер қардан тазартылады.

7 қаңтарда Астана көшелерінен 35 мың текше метрден аса қар шығарылды. Бұл – 2 741 рейс.

Қыс басталғалы бері елордада 1 млн 406 мың 985 текше метр қар шығарылды. Бұл – 103 мыңнан аса рейс.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін Астанада ауа райы бұлтты болады, қар жауып, боран соғуы мүмкін. Желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус болады.