Танымал әнші, “Құрмет” орденінің иегері Алтынай Жорабаева бесінші перзентін дүниеге әкелді.
Бесінші қыз: Алтынай Жорабаева босанды
12,477
оқылды

Өнер иесі екінші некесінен сәбилі болғанын айтыс ақыны Айнұр Тұсынбаева сүйіншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Сүйінші! Алтушамыз бесінші қызын аман-есен дүниеге әкелді! Әрбір сәби күткен шаңыраққа бұйырсын!”, – деп жазды айтыскер ақын. 

Желі қолданушылары сүйікті әншісін жарыса құттықтап жатыр. “Алтыншысы ұл болады”, “Ұл күтіп едік” деген пікірлер де жоқ емес.