Қызылордада 28 жастағы ана Ақбота Әбсаттар үшемді дүниеге алып келді.
Қызылорда облысында үшем дүниеге келді
Фото: Қызылорда облыстық перинаталды орталығынан алынды
2,374
оқылды

Қызылорда облыстық перинаталды орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында еңбек етеді.

Отбасында 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.

Сәбилердің салмағы  1 830, 1 670, 1 200 грамм болды. 

Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.

 

 «Мен үшін күтпеген жаңалық болды. Балалардың дамуы, жетілуі қалай болады екен деп уайымдадым», – дейді Ақбота Әбсаттар.

Айта кетейік, бұған дейін  Байқоңырда үшем өмірге келгені туралы жазған болатынбыз.