Желіде ұшақ апатының видеосы жарияланды.
Танымал голливудтық актер екі қызымен бірге ұшақ апатынан көз жұмды
654
оқылды

Голливуд актері Кристиан Оливер мен  10 және 12 жастағы екі қызы Кариб теңізінде ұшақ апатынан қаза тапты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Stan.kz ақпарат агенттігінің шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, бейсенбі күні 51 жастағы актер қыздарымен бірге Бекия аралындағы әуежайдан Сент-Люсияға шағын бір моторлы ұшақпен ұшып шыққан. Ұшақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай ақау шығып, арал маңындағы мұхитқа құлаған.

Сент-Винсент пен Гренадин жағалауы күзеті құтқару операциясын бастады, бірақ нәтиже шықпады. Құтқарушылар судан төрт адамның, оның ішінде ұшқыш пен екі баласы бар америкалық жолаушының мәйітін шығарды. Апаттың себебі анықталып жатыр.

Желіде ұшақ апатының видеосы пайда болды. Куәгер түсірген кадрлардан шағын ұшақтың "тұмсығымен" төмен құлдилап, қатты жылдамдықпен суға құлағанын көруге болады.