Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аус­тралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.
Рыбакина жартылай финалға өтті
1,394
оқылды

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 28-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік сынады. Осыған дейін қарсыластар бір-ақ мәрте кездесіп, онда ресейлік теннисші жеңген еді.  

Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:1 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасай алды. Содан кейін есеп 4:1 болғанда, А.Потапова меди­циналық көмекке жүгінді. Бұдан кейін тағы бір брейк жасаған Елена сетті тәмамдады – 6:1. Осыдан соң А.Потапова бәсекені жалғас­тырудан бас тартты. Жарты сағатқа созылған кездесуде қазақстандық теннисші 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып үлгерді.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 40-ракеткасы, чехиялық Линда Носкова немесе рейтингте 58-сатыдағы 16 жастағы ресейлік Мирра Андрееваның біреуімен таласады.