19 қаңтар мен 1 ақпан ара­­лығында Оңтүстік Корея­ның Канвон қаласында өтетін IV қысқы жас­өспірімдер Олим­­пиадасында ел намы­сын қорғайтын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды.
Олимпиадаға қатысатын спортшылар
1,438
оқылды

Оңтүстік Кореядағы жасөспірім­дер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спорт­шы қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаң­ғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.

Азия құрлығы алғаш рет қабыл­дайтын жастар ойындарына Қазақ­стан 10 бағдарламада 42 спортшы апарады. Ал делегация сапында ресми өкілдер, бапкерлер, дәрі­герлер мен БАҚ өкілдерін қосқанда 80-нен астам адам болады.

Барлығы бәсеке кезінде 79 мемлекеттен жиналған 1 900-ге жуық атлет күш сынасады деп жос­парланған.