Роналдудың командасы саудиялық «Аль-Таавун» командасына қарсы кездесуде 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Криштиану Роналду – жылдың ең үздік бомбардирі
2,388
оқылды

Португалия құрамасы мен «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду биыл 54 гол соғып, жылдың ең үздік бомбардирі атанды.

Kazinform-ның жазуынша, бұл ойында португалиялық шабуылшы 92-минутта мергендік танытып, ойынның нүктесін қойды. Сол арқылы ол биыл соққан голының санын 54-ке жеткізді.

Одан кейінгі орындарда франциялық Килиан Мбаппе («Пари Сен-Жермен»), англиялық Харри Кейн («Бавария») келеді. Олардың еншісінде 52 голдан бар. Ал норвегиялық Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») 50 гол соқты.

Криштиану Роналду мұндай нәтижеге 2016 жылдан кейін қол жеткізіп отыр. Ол жылы шабуылшы 55 мәрте нысананы дәл көздеген. 

Португалиялық футболшы «Аль-Наср» клубында 2023 жылдың қаңтар айынан бастап өнер көрсетеді. Аталған команда сапында барлық турнирде 43 ойында 37 гол соғып, 13 мәрте нәтижелі пас берді.