Демалыс күндері қалың қар жауды.
Елордада жүк көліктерімен 60 мың рейс қар шығарылған
683
оқылды

Қысқы кезең басынан бері елорда көшелерінен 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды, бұл шамамен 60 мың жүк рейсін құрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Демалыс күндері қалың қар жауды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 31 желтоқсанда елордада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с, кей жерлерде 28 м/с жетеді.

Тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті.

Түнгі ауысымға сағат 18.00-ден бастап Астана көшелеріне 1000-нан астам арнайы техника мен 300-ге жуық жол жұмысшысы шықты.

Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған. Ол жерде бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.