Қазақ халқының мәдени мұрасын ілгерілету мақса­тын­да Қазақстанның Сер­бия­дағы елшілігі серб тілінде қазақ ертегілерінің жинағын шығарды.
Қазақ ертегілері серб тілінде жарық көрді
479
оқылды

Қарлығаш туралы аңыздар, жануарлар дауы, Қаңбақ шал туралы қиял-ғажайып әңгімелер және Алдар көсенің қулықтары, сондай-ақ қазақ ертегілерінің әйгілі кейіпкерлерінің басқа да шытырман оқиғалары енді кішкентай серб оқырмандары мен олардың ата-аналарына қолжетімді. Кітаптың тұсаукесері Жаңа жыл қарсаңында Белград қаласының балалар кітапханасында өтті. Қазақстанның Сербиядағы елшісі Мәди Атамқұлов балаларды кітап­пен таныстыра отырып, елімізге қатысты қызықты фактілер туралы айтып, кішкентай оқырмандарға бағалы сыйлықтар табыс етті. Кітапхана қызметкерлері Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша интерактивті викторина өткізді, сондай-ақ кітаптан бірнеше қазақ халық ертегілері оқылды. Жақын арада қазақ ертегілері жинағының жүздеген даналары Сербияның кітапханалары мен мектептеріне ұсынылатын болады.