Астанада патрульдік полицейлер ер адамның өмірін аман алып қалды.
Астана сақшылары есінен танған ер адамды құтқарып қалды
464
оқылды

28 желтоқсан күндізгі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері Олжас Алтынбеков пен Нұрлан Бауыржанов патрульдеу кезінде Тараз және Жангелдин көшелерінің қиылысында тротуарда жатқан ер адамды көрген, деп жазды Aikyn.kz.

Жағдайды бағалай отырып, капитан Алтынбеков ұстамасы басталған науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге кіріседі.

Дәрігерлер келгенге дейін полиция қызметкері көмек көрсетуді жалғастырып, ер адамның тыныс алу жолдарына ауаның еркін жетуіне себеп болған. 

Сөйтіп, жедел жәрдем келгенге дейін полиция қызметкерлері зардап шеккен адамның жанында болған.

Келген жедел жәрдем көлігімен 30 жастағы ер адам медициналық мекемеге жедел жөнелтілген.

Қолдан келген көмегін көрсеткен патрульдік полиция полкінің инспекторлары өздеріне бекітілген маршрут бойынша қызмет атқаруды жалғастыруға бағыт алған.