«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызылқоға ауданында 9 елді мекенде су құбыры желілерінің құрылысы жүріп жатыр.
Атырауда Қызылқоға ауданында  9 елді мекенде су құбыры жүргізіліп жатыр
202
оқылды

Бүгінде ауданның Қоғам елді мекенінде суқұбыры желілерінің құрылысы нысаны бойынша 6,2 км су желісі қазылып, аяқталды. Қоңыраулы елді мекенінде 14,660 км су желісі қазылып, су құбыры төселді және су мұнарасы  орнатылды. Ал Қоныстану елді мекенінде 8,250 км су желісі қазылып, су құбыры төселді. 

Қазіргі таңда үш нысанды қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ Аққора елді мекенінде 1,910 км су желісі қазылып, су құбыры төселді. 

Су мұнарасын бетондау және қоршау жұмыстары жасалуда.

Сонымен қатар, шағын ауылдарда кешенді блок-модульдерді орнату жұмыстары да жүзеге асты. 

Ауданның Былқылдақты елді мекенінде 10,660 км су құбыры желісі қазылып, су құбыры төселді. Кешенді блок-модуль орнатылды. Электр желісін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 

Ал Кенбай елді мекенінде 4,065 км су желісінің қазу жұмыстары аяқталып, су құбырлары төселді. Екі ұңғыма қазылып, электр желісінің  жұмыстары аяқталды. Құдықтарды және кешенді блок-модульді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары жыл аяғында толық аяқталып, іске қосылады.

Сарықұмақ елді мекенінде 5,584 км су желісін қазу жұмыстары аяқталып, су құбырын төселді, 2 ұңғыма қазылды. Қазіргі таңда Сағыз өзенінен су құбырын өткізу жұмыстары жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын желтоқсан айында толық аяқтап, іске қосу жоспарлануда. 

Соркөл елді мекенінде су құбыры желілерінің құрылысы нысаны бойынша 0,558 км су желісін қазу жұмыстары аяқталып, су құбырын төсеу жұмыстары жүргізілді. Кешенді блок-модульі орнатылды. Қазіргі таңда нысанды қабылдауға құжаттар жасақталуда. 

Осылайша құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне тапсырылғаннан кейін ауданда су мәселесі толықтай 100 пайыз шешілетін болады.

Баян ЖАНҰЗАҚ