Бүкіл әлемде iPhone 15 сериясы шыққаннан бері дүрбелең әлі басылмай отыр. Смартфонды жақтаушылар да, оның кемшіліктерін айтушылар да көп. Жаңа USB-C кабеліне ауысқан құрылғыдан тағы бір кінәрат табылды.
Қауіпті iPhone 15: қуаттау кабелін жандырып жібереді
Фото biofreear.live сайтынан алынды
1,532
оқылды

Apple  құрылғыларын санаушыларға тағы бір себеп табылды. Осыдан бірнеше күн бұрын bgr.com қолданушының USB-C-ге кабелі смартфоны қуаттауға шыдамай балқып кеткенін жариялады. Мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz неліктен смартфон кабелі сапасыз жасалғанын талдайды.

Фото wylsa.com сайтынан алынды

Apple-ді өзінің жеке Lightning кабелінен USB-C-ге ауыстыруға Еуроодақ мәжбүрлеген. iPhone 15 шыққанға дейін Apple құрылғыларында тек Lightning кабелі қолданып келді. 

Ал USB-C кабеліне ауысу көптеген iPhone қолданушылардың өмірін жеңілдетті. Өйткені нарықта USB кабелі өте кең тараған.   

Бірақ жаңа кабельге ауысқаннан кейін Apple компаниясы iPhone 15 сериясы үшін сертификатталған USB-C кабельдері қажет деген ұсыныс жасады. Бұл идеяға осындай кабельдерді шығарушылары, тіпті Еуроодақтың шенеуніктері де қарсы болды. Нәтижесінде, iPhone 15 телефондарын кез

келген әрі арзан, сапасы күмән туғызатын USB-C кабельдері арқылы қуаттауға жол ашылды.

Фото wylsa.com сайтынан алынды

Жақында iPhone 15 Pro Max иесінің USB-C порты кәдімгі USB-C кабелін балқытып, жандырып жібергені туралы оқиғасы таралды. Бұл оқиға расталған соң, қымбат тұратын әрі энергияны көп қажет ететін смартфондарға тек сапалы, тексерілген кабельдер керектігі түсінікті болды.

Бұл барлық iPhone 15 смартфондарына сабақ болуы тиіс. Жаңа телефондарымен бірге сатылатын Apple кабельдерін пайдалану керек немесе сенімді, тексерілген, сапалы өндірушілердің ғана USB-C кабельдерін сатып алу керек.

Жанып кеткен кабельдің смартфонды зақымдағаны мына суретте көрсетілген. Түнде қуаттауға қойылған iPhone 15 бұдан да ауыр залалдарға алып келуі әбден мүмкін. Осы оқиға кейіпкерінің айтуынша, бір ай бұрын алған iPhone 15 Pro Max түнгі зарядтау кезінде қатты қызып кетіп, оның саусағын күйдіріп жіберген. Кабельді қуат көзінен ажыратқан соң ол пластмасса бөлшектерінің еріп кеткенін, смартфон корпусында күйген іздер қалғанын, кабельдің металл бөлшегі телефонның USB-C портына жабысып қалғанын көрген.

Фото Reddit сайтынан алынды

Бұл жағдайды талдаған bgr.com сайтының сарапшылары бұл кабельдің Amazon компаниясының «әмбебап» кабелі екенін анықтаған. Келеңсіз оқиға кезінде iPhone 15 Pro Max қолданылмаған, оның иесі ұйықтап жатқан. Reddit сайтында тараған жазбаларда көптеген адам  арзан, сапасыз зарядтау кабелін кінәлі деп санайды.

Кейбіреулер телефонды зарядтау үшін арзан USB-C кабелін пайдаланғаны үшін зардап шеккен адамды сынаған. Бұзылған iPhone 15 Pro Max-ты кабельмен зарядтау мүмкін болмаған, тек сымсыз қуаттау ғана жұмыс істейтін болып қалған. Смартфонның USB-C портын жөндеу қымбатқа түсері анық. 

Фото zdnet.com сайтынан алынды

Сондықтан мамандар iPhone 15 смартфондары үшін ешқашан әмбебап зарядтағышты пайдаланбау қажеттігін айтады. Смартфонның қорабымен бірге сатылатын USB-C кабельдерін қолдану арқылы iPhone 15 телефондарын ұзақ қолдануға болады деп кеңес береді. Немесе MacBook немесе iPad құрылғысымен бірге келетін Apple USB-C кабельдерін пайдалану керек.

Сарапшы мамандар тек iPhone емес, кез келген құрылғыда пайдаланатын USB-C кабельдерін өте мұқият таңдау қажеттігін ескертеді.