Қор концертке қатысқысы келетіндердің барлығын шақырады.
Түркі әлемінің бай музыкасымен таныстыратын концерт өтеді
Фото: massaget.kz
805
оқылды

28 желтоқсанда сағат 19.00-де Муслим Магомаев атындағы Әзербайжан мемлекеттік академиялық филармониясында әзербайжандықтардың бейбітшілік пен Жаңа жылға тілектестік күніне орай Түрік мәдениеті мен мұрасы қоры тарапынан белгілі қазақстандық «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі мен әзербайжандық «Зафар» тобының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.  Концерттік бағдарлама аясында көрермендер түркі әлемінің бай музыкасымен танысады.

Концертте ресми тұлғалар, Әзербайжанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, депутаттар, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.

Қор концертке қатысқысы келетіндердің барлығын шақырады.