25 желтоқсанда сағат 19:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына (көктайғақ, тұман, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты 5 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.
Қазақстанның бес өңірінде республикалық маңызы бар 12 жол жабылды
фото: el.kz
1,338
оқылды

Қазақстанның бес өңірінде республикалық маңызы бар 12 жол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 25 желтоқсанда сағат 19:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына (көктайғақ, тұман, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты 5 облыстағы (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар жолдардың 12 учаскесінде қозғалысқа шектеулер енгізілді.

"Жүргізушілерден аса қажет болмаған жағдайда, ұзақ сапарға шықпауды сұраймыз", – делінген хабарламада.