Әлемдегі әскерилер бәсекесінде Ресей мен АҚШ-тың ұшақтарына тең келетін жойғыш ұшақ жоқ. Оларды әуе қорғаныс жүйелері көре алмайды, таба алмайды. Олар жасырын ұшып келіп, жойқын соққы береді. Солардың бірі – F-35 әскери ұшағы.
Көрінбейтін әскери ұшақ жасырын келіп, жойқын соққы жасайды
Фото ts2.space сайтынан алынды
6,577
оқылды

Америкалық бесінші буынды F-35 ұшағының 3 нұсқасы бар. Олардың техникалық мүмкіндіктерін ts2.space сайты жазды. Aikyn.kz ерекше материалдардан жасалған ұшақтың ғажайып мүмкіндіктерін талдайды.   

F-35 Lightning II жойғыш ұшағы. Фото U.S. Air Force сайтынан алынды. Авторы: Tom Reynolds

Физика заңдарына бағынбайтындай көрінетін ұшақты әйгілі Lockheed Martin үш нұсқада әзірлеген. Бесінші буын көпмақсатты шабуылдаушы ұшақ F-35 Lightning II деп аталады. 

F-35A (CTOL – кәдімгі ұшып көтерілу және қону); F-35B (STOVL – қысқа ұшу жолы мен тігінен қонады); F-35C (CV – авиатасушының палубасына қонатын нұсқа).

F-35 Lightning II ұшағының әрқайсысы дыбыс кедергісін бұзған сәтте оның жоғары жылдамдығын көрсететін ауадағы толқындарды ғана байқап үлгеруге болады. Ол көрінбейтін жасырын режимге ауысқан кезде ұшақтың тек гүрілі ғана естіледі.

Мамандардың айтуынша, F-35 Lightning II ұшағының аспандағы «әскери хореографиясы» өте жоғары деңгейде, мінсіз көрінеді. F-35A CTOL нұсқасы тек АҚШ-тың Әскери-әуе күштеріне ғана емес, сонымен қатар оның дүниежүзіндегі одақтастарына арналған.

Оның жойқын қарулары мен зымырандары фюзеляжда жасырылған. Ұшақ кез келген стандартты әскери авиабазаға қонып, ұша алады. 

F-35B STOVL ұшағына әуеге көтерлуі үшін қысқа ғана ұшу жолағы жарамды. Және де ол тікұшақ сияқты тігінен қона алады. Бұндай ұшақтар АҚШ-тың теңіз жаяу әскеріне, Италия Әскери-теңіз күштері және Британдық Корольдік Әскери-теңіз күштеріне үшін арнайы бейімделіп жасалған.

F-35C CV болса теңіздің алыбы саналады. Оның альбатросқа ұқсас қанаттары мен күшейтілген шассиі бар. Авиатасығыштарға арналған ұшақ теңіздегі операцияларға таптырмас кейіпкер. 

 

Бұл ресейлік бесінші буынды жойғыш ұшақ СУ-57. Фото vitalykuzmin.net сайтынан алынды. Авторы: Vitaly V. Kuzmin

F-35 Lightning II әскери ұшағына қатысты жиі қойылатын сұрақтар:

Бесінші буын ұшақтардың қандай ерекшеліктері бар?

Бесінші буын әскери ұшақтары жоғары инновациялық өнім, ол радарларға көрінбейді, дыбыстан жоғары жылдамдықпен ұшады және ұшқыш пен ұшақ арасында деректер алмасу біртұтас үйлесімде жүргізіледі.

F-35 электронды соғыс жүргізе ала ма?

Ұшақ шынымен де кедергілер мен қатерлерді алдын ала анықтай алатын күрделі электронды соғыс мүмкіндіктерімен жабдықталған.