Биыл пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы ауданы 17 296,8 мың шаршы метр болды.
Биыл Қазақстанда ғимарат құрылысының саны артты
Фото: inbusiness.kz
680
оқылды

Кейінгі 11 ай ішінде Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының көлемі 5 918,9 млрд теңге болды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6% жоғары, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Құрылыс жұмыстарының көрсеткіші ғимараттар (24,9%) мен тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар (6,8%) құрылысында және жөндеу жұмыстарында артқан.

Республика бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде:

  • жеке ұйымдар – 87,3%
  • шетелдік ұйымдар – 12,5%
  • мемлекеттік ұйымдар – 0,2%

Орындалған жұмыстардың (қызметтердің) түрлері бойынша ең көп үлес:

  • тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемнен 19,5%);
  • автомобиль жолдары (14,8%);
  • тұрғын үйлер (14,2%) құрылысына тиесілі.

Биыл қаңтар-қараша аралығында пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы ауданы 17 296,8 мың шаршы метр болды.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15,6% артып, 15 067,2 мың шаршы метрді құрады. Олардың ішінде:

  • 9 107,9 мың шаршы метр көп пәтерлі үйлер;
  • 5 862 мың шаршы метр жеке үйлер.