Мазардан математика, әдебиет, мал шаруашылығы, медицинадан фармацевтикаға дейінгі салаларды қамтыған 30 мың иерогрифпен жазылған мыңдаған бамбук тақтайша табылды.
Қытайда бамбукке жазылған көне көбейту кестесі табылды
1,079
оқылды

Хубэй орталық-қытай провинциясының Цзинчжоу қаласы аумағындағы қазба жұмыстары кезінде бамбук тақтайшаға жазылған Қытайдың көне көбейту кестесі табылды, - деп хабарлайдыAikyn.kz.

Kazinform-ның жазуынша, әр қытайлық жасөспірім жаттайтын көбейту кестесі 2300 жылы пайда болған. 

"Б.з.д. IV ғасырға, Чжань кезеңіне жататын көбейту кестесі Хунань провинциясынан (Орталық Қытай) табылған ұқсас нұсқадан шамамен жүз жыл алда", — деді мазарды қазу археологиялық жобасының жауапты жетекшісі Ян Кайюн.

Инфрақызыл сканерлеу көмегімен ғалымдар тақтайшада мынадай сөздер жазылғанын анықтады:

«Бес рет жеті деген — отыз қосу бес, төрт рет жеті — жиырма қосу сегіз, үш рет жеті — жиырма қосу бір». 

Мазардан математика, әдебиет, мал шаруашылығы, медицинадан фармацевтикаға дейінгі салаларды қамтыған 30 мың иерогрифпен жазылған мыңдаған бамбук тақтайша табылды. 

Цзянхань университеті Тарих институтының доценті Тань Цзиннань мұндай көбейту кестесі Соғысушы мемлекеттер кезеңінде-ақ танымал болып, оны қытайлық шенеуніктер өндіріс пен мүлікті есептеу үшін пайдаланғанын атап өтті.