Пхукет аралында тұратын Қазақстан азаматы "НеМолчиKZ" қорына жүгініп, бейтаныс ер адам өктем түрде қырындағанын айтқан.
Таиландта қазақстандық қызға ресейлік кикбоксинг шебері қол көтерген
668
оқылды

Алайда бойжеткен оған жоламауды талап еткен кезде әлгі жігіт оның бетінен екі рет ұрған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ulysmedia.kz-тің жазуынша, оқиға 15 желтоқсанда тіркелген.

Бойжеткен бейтаныс адам өтінішін елемей, өзіне қысым көрсете бастаған кезде скутердің жанында болғанын айтқан. Осыдан кейін ер адам тіпті бойжеткенді қорқытып, оған агрессия танытып, содан кейін оның бетіне екі рет соққы жасаған. Бойжеткен дереу полицияға, артынша Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне жүгінген.

Қазақстан азаматы сот-медициналық сараптамадан өткен. Өзінде жанжалдың бейнежазбасы, қорқытып қоңырау шалған дауыстың жазбасы бар. "НеМолчиKZ" қоры шабуылдаушы – М.Н екенін, оның Ресей азаматы, кикбоксинг пен ММА спорт шебері, сонымен қатар К-1 бойынша Дағыстанның үш дүркін чемпионы және 2014 жылы ММА бойынша Мәскеу чемпионы екенін растайды.

Таиланд полициясы шабуылдаушыға 1000 бат (шамамен 13046 теңге) айыппұл салып, оған жәбірленушіге жақындауға тыйым салған. Тергеу жалғасып жатыр. Қоғамдық ұйымдар зардап шеккен бойжеткеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында істі бақылауға алғанын хабарлайды.