Форбс тізіміндегі миллиардерлер де мерекелерді қарапайым адамдар сияқты тойлайды. Бірақ азаматтардың біраз бөлігі жақындарына, әріптестеріне қымбат сыйлық жасауға ұмтылғанымен, жеке ұшақтары бар адамдардың сыйлықтары сәл өзгеше.
Әлемдегі ең бай адамдар бір-біріне не сыйлайды?
Керемет сыйлық – Maybach Exelero. Фото autonews.ru сайтынан алынды
3,270
оқылды

Жаңа жыл жақындаған сайын businessinsider.com сайтында сыйлықтарға арналған материалдар жиі шыға бастайды. Сондай мақаланың бірінде өте бай адамдардың мерекелік сыйлықтары туралы айтылған. Aikyn.kz осы мақалаға сілтеме жасай отырып, сыйлық алу мен берудегі құндылықтардың өзгергенін талдайды. 

Жаңа жылды баласы, немересі мен шөбересімен қарсы алатын, ақшадан бақыт іздемеген әже Елизавета II патшайым. Фото europe-today.ru сайтынан алынды

Өткен Жаңа жыл мейрамына бірнеше күн қалғанда Lalaluxe сән-салтанат үлгілерін жасаушы фирмасының негізін қалаушы Николь Поллард Баймеге бір клиенті қоңырау шалады. Ол гауһар тастары бар сирек кездесетін Гималай Биркиніне (Himalaya Birkin) тапсырыс береді.

Birkin – бұл өте ауқатты адамдар ұнататын эксклюзивті Hermes-тің сөмкесі. Гималай сөмкесі қолдан боялған қолтырауынның қарын тұсының терісі. Осылайша бұл тапсырыстың құнын 750 000 доллар деп бағаланған.

Поллард Байме халықаралық Birkin дилерлер желісінен сөмкені алып, өзінің қауіпсіздік тобының сүйемелдеуімен ұшаққа жеткізеді. Сөмкені келесі күні таңертең жаңажылдық шыршаның астынан сыйлық иесі тауып алады.

Жарты миллион доллардан басталатын Himalaya Birkin сөмкесі осы. Фото SplashNews.com сайтынан алынды

Барлығы бар адамның сөмкесінде неге гауһар тас болмасқа? Поллард Байм жақсы ой айтады: «Мерекелік сыйлық беру көп нәрсеге қолы жетпейтін, тілектер тізімі ұзын адамдар үшін қиын. Ал бәрі бар адамдар туралы не деуге болады? Миллиард немесе жүз миллион доллары бар адамдар да басқалар сияқты беруді және алуды жақсы көреді». 

Шын мәнінде бай адамдар ең жақсының қандай болатынын көргісі келеді. Оларда бюджет жоқ, тек талғам ғана бар, қалаған бұйымын сатып алады. Қарапайым тұрғындардың сұраныстары мен мүмкіндіктері басқаша. Deloitte компаниясы арнайы сауалнама жүргізіп, америкалықтар осы Рождество маусымында орташа есеппен $1,652 жұмсауды жоспарлап отырғанын анықтаған. Бұл Himalaya Birkin сөмкесінің 0,2% құрайды. 

Миллиардердің өмірі мен олардың капиталын қалай жинағанын мына видеода:

«Жаяу серуендеуді ұнататын отбасы мүшелері бір-біріне Moncler және Loro Piana сияқты брендтердің ең жақсы құралдарын сыйға тарта алады», – дейді лондондық Barton консалтингтік фирмасының басшысы Уинстон Честерфилд. Гурмандар тікелей Италиядан жеткізілген бальзам сірке суын сыйға тарта алады.

Фото bigpicture.ru сайтынан алынды

Бірақ хоббиге байланысты сыйлықтар жасауды миллиардерлер көбірек ұнатады екен. Мысалы, Тосканадағы энофилдерге (шараптың білгірі) арналған жүзімдік.

Тағы бір миллиардер рождестволық сыйлық ретінде 5 миллион долларлық мүлік сатып алған.

Оның ішіне бір кездері Наполеон тоқтаған үй және бал мен зәйтүн майы өндірісі бар шағын шаруашылық та кіреді. Бәйгеге құмар жақын адамын ауқатты адамдар ең жақсы атқораға жіберіп, асыл тұқымды жылқы сыйлайды.

Macallan & Lalique вискиі мен графині. Құны: 1 млн 220 мың доллар. Фото bigpicture.ru сайтынан алынды. Авторы: Robb Report/SWNS

Ең жақсылардың үздігімен танысу – бұл атақты диджейдің сабағын алу немесе Мишлен жұлдызының иегері атақты аспазшының сабағы болуы мүмкін. Бұл да алты таңбалы саннан тұратын сыйлықтың түрі. 

Жаңа дәуір адамы үшін де, өте байлар үшін де ең құнды тауар – уақыт. 1 сағаттың құны қанша болуы мүмкін? Оны ұшақтағы бір сағаттық ұшу құнымен өлшеуге болады екен. Мысалы, Vistajet жеке ұшағында бір сағат 11 000 доллардан басталады. Ұшақ сатып алуға ақшасын қимаған бай адам қызына жарты миллион доллар тұратын сағат сыйлаған. «Уақытыңды бағалап үйрен» деген емеурін болар.

70 жастағы миллиардер Ричард Бренсон ғарышқа сапарлады. Фото secretmag.ru сайтынан алынды

Бірақ бай адамдар соңғы уақытта өзгеріп, материалдық емес құндылықтарға көңіл аудара бастаған. «Адамдар сән-салтанат деп атайтын нәрседен біраз шаршаған сияқты», – дейді Уинстон Честерфилд. Пандемия бұл үрдісті күшейткен сияқты. Бір бай әйел қымбат тауарларды сатып алумен бірнеше айын өткізген соң күйеуіне енді зергерлік бұйымдарды қаламайтынын айтқан.

Еуропадағы бай отбасылар йогаға арналған демалыстар мен сауықтыру шараларын, велосипедпен экскурсияларды көп таңдайды. Миллиардерлер Африкадағы қорықтардағы жеке виллаларды жалға алып, демалыстарын сонда өткізеді. Ондағы бір түннің құны 40 000 долларға дейін жетеді. Дегенмен 750 мың доллар тұратын былғары сөмкемен салыстырғанда жанды табиғат аясында 15 күн отбасымен демалу қаншалықты әсерлі екенін өте бай адамдар жақсы түсінеді.

 

Фото Reuters сайтынан алынды. Авторы: Sergei Remezov 

Осыдан кейін ғарышқа ұшуға, мұхит түбіне сүңгуге миллиондарын аямайтын адамдарды жақсы түсінуге болады. Өйткені құндылықтар өзгеруде. Климаттың өзгеруіне қатысты алаңдаушылық миллиардерлерді Антарктида немесе Патагония мұздықтарын көруге немесе Австралияға Ұлы тосқауыл рифін көруге ынталандырады.

«Осы жылдары біз адамдардың ашкөздігі мен тойымсыздығы әлдеқайда азайғанын және олардың ұстамдырақ болғанын байқадық», – дейді бай адамдармен жұмыс істейтін Честерфилд. 

Қарапайым сыйлықтың өзі де отбасы өмірін жылытады. Фото news.rambler.ru сайтынан алынды. Авторы: 7dach.ru

Өз байлығын қажырлы еңбегімен жинаған миллиардер Уоррен Баффет бір кездері отбасы мүшелеріне сыйлық ретінде 10 000 доллардан қолма-қол ақша беріп көрген. Бірақ олардың ақшаны мақсатсыз жұмсағандарын білгеннен кейін ол туыстарының біреуіне акциялар, енді біреуіне шоколад сыйлайтын болған. Ал Билл Гейтс болса демалыс кезінде рухани байытатын кітаптар сыйлайды.

Бір бай отбасы Жаңа жылдық сыйлықтың көлемін 10 доллармен шектеген. Ондай бай адамдар ең басты сыйлық денсаулық пен отбасында бір-бірімен өткізген уақыт деп санайды. Өз еңбегімен, адал жолмен байыған тұлға материалдық құндылықтардың құлына айналып кетпейді.

250 миллион доллар байлығы бар ондай адам үшін отбасының амандығын көріп, арының тазалығын сезіну күнде таңертең шыршаның астынан жүздеген мың доллар тұратын сыйлық тауып алғаннан да қымбат болып көрінеді.