Әлеуметтік желіде осындай жаңалық пайда болды.
Қазақстанда біржынысты некеге рұқсат беріледі деген ақпарат рас па?
1,876
оқылды

Ақпарат авторының жазуына қарағанда, Қазақстанда әйелдер арасында неке қиюға рұқсат етіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Хабарда айтылғандай, тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін әйелдердің біржынысты некеге тұруына жол берілмек. Бұл хабарламаны Instagram-дағы qaznews24 аккаунты таратты.

Дегенмен  Stopfake сарапшылары бұл ақпараттың жалған екенін растады.

Профильде оның тек ойдан шығарылған жаңалықтарды шығаратын «сатиралық ақпарат агенттігі» екені және ондағы барлық атау мен оқиғаның жалған екені жазылған. Таралып жатқан хабарламаға сенудің қажеті жоқ, ол – фейк, – деді сарапшылар.