Adal adam YouTube арнасына сұхбат берген режиссер журналистің "Талғат Теменов өзінің кейіпкеріне, Гүлназға (яғни Баянға) ғашық болды" дейді. Осы сөздің жаны бар ма?" деген сауалына жауап береді.
Баян сияқты қыздарымызды үлгі етуіміз керек – Талғат Теменов
834
оқылды

Танымал режиссер, кинодраматург Талғат Теменов "Махаббат бекеті" фильмінде басты рөлді сомдаған Баян Алагөзова туралы пікірін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

"Мен повесті 1977 жылы жаздым. Өкінішке орай кітап аз тиражбен шықты. 1000 тираждай ма?! Алайда осыдан 4-5 жыл бұрын ғой деймін. Түнде бір қыз қоңырау шалып, жылады. "Талғат аға мен бұрын повесті естігеніммен оқымаған екенмін. Оқып алып, жанымды қоярға жер таппай отырмын. Мұншама сұлу дүниені қалай жаздыңыз" деді. Яғни повесте осындай таза махаббат болмаған болса, ол кино болмас еді. Қай фильм болса да киноның негізгі өзегі оның сценарийіне байланысты", – деп жауап берген режиссер. 

Осыдан кейін журналистің "Баян сіздің шәкіртіңіз. Сіз үшін оның қай қасиеті құрметке лайық?" деген сауалына:

"Жалпы біздің қазіргі қоғам тұрмыстық қиналыстан туған ызасын шығара алмай, анадан-мынадан іздейді. Баянды көріп отырып қызғанатындар, сөз қылатындар жетеді. Бүгінгі руханиятта Баян өзін дәлелдеген қазақ қыздарының бірі. Баян секілді қыздардың жақсы жағын үлгі етуіміз керек", – дейді Талғат Теменов.