Зардап шеккен 3 адам аудандық ауруханаға жүгінді.
Қарқаралыда 3 адамға қасқыр шапты
754
оқылды

Қарқаралыда тұрғын үйлердің ауласына қасқыр кіріп кеткен. Жыртқыш таңнан бері үш адамға шабуылдап, жарақаттаған,   деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Жыртқыш адамдарға жұмысқа бара жатқанда таңғы сағат 6-да шабуыл жасаған. Қасқырды Қарқаралы көшелерінде жергілікті тұрғындар суретке түсірген. Олардың айтуынша, қаланың шетіндегі көшелерге жабайы жануар орманнан келген. 

Жергілікті ауруханаға үш адам жүгінді.

«Зардап шеккен 3 адам аудандық ауруханаға жүгінді. Барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді, жараларды емдеп, өңдеген соң, екпе салынды»,  деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір тиісті органдар жануарды аулаумен айналысып жатыр. 

«Полицейлер ветеринария органдарымен бірлесіп жабайы жануарды жою бойынша шаралар қабылдауда»,  деп хабарлады Қарағанды облысының ПД.