Танкке көбірек ұқсайтын Tesla Cybertruck көлігі туралы соңғы кездері жиі айтыла бастады. Оның тот баспайтын болаттан жасалған оқ өтпейтін шанағы (кузов), жүк сыйымдылығы туралы Aikyn.kz те бірнеше материалдар жариялады. Бүгін Cybertruck өндірісі қалай ұйымдастырылғанын түсіндіреміз.
Tesla Cybertruck электр көлігін шығаруға бар-жоғы 600 доллар жұмсалады
Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторы: Suzanne Cordeiro
2,272
оқылды

Илон Масктің  бұрын болмаған көлік шығару идеясы өндірісте біраз қиындықтар тудырғанын businessinsider.com сайты жариялады. Сайтта белгілі көлік сарапшысының Tesla зауытын аралап, өндіріс құпияларына қаныққаны айтылады. Aikyn.kz осы материал негізінде Cybertruck өндірісі неге қиын екенін көрсетеді.

Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторы: Sandy Munro

Автокөлік жөніндегі сарапшы Сэнди Манро дүйсенбіде Tesla компаниясының Cybertruck өндірістік желісінің бір бөлігін аралады. YouTube видеосында Tesla көлік инженериясы жөніндегі вице-президенті Ларс Морави Манроға электромобиль жасаушы компанияның Остиндегі (Техас штаты) алып зауытында оқ өткізбейтін болаттан жасалған Cybertruck шанағының қалай жасалатынын көрсетті.

Тот баспайтын болат үлкен орамалардан басталады. Cybertruck осындай металл орамалардан басталады. Содан кейін олар жазылып тегістеліп, машинаның жеке бөліктерінің пішініне сай кесіліп, бүктеледі. 

Моравидің айтуынша, Cybertruck есіктерінің қалыңдығы 1,8 миллиметр, қалған бөліктерінің қалыңдығы 1,4 миллиметрлік металдан жасалған. Бұндай қалыңдық оқты өткізбеуге жеткілікті екенін айтылады. Илон Маск жүк көлігінде оқ өткізбейтін шыны опциясы бар екенін де мәлімдеген.

Бөлшектер кесілгеннен кейін, Маск талап ететін дәлдік деңгейіне сәйкес келетініне көз жеткізу үшін кейбіреулерінің сапасы тексеріледі. Tesla компаниясының бас директоры тамыз айында қызметкерлерге жүк көлігіндегі кез келген кемшілік бірден көрініп қалатынын ескерткен. Морави зауыттағы ыстық штамптау процесі мен жүк көлігінің сыртқы панельдерінің соңғы пішініне дейін қалай майыстырылғанын көрсеткен.

Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторы: Sandy Munro

Сарапшы Сэнди Манро Cybertruck көлігін шығару өте арзан болатынын болжаған. Нақтырақ айтсақ, Манроның есептеуі бойынша 50 000 көлік шығаруға 30 миллион доллар жұмсалған. Яғни, бір көлікке 600 доллар ғана. Бұл жердегі сома көліктің өзіндік құны туралы емес, әрбір көліктің өндірістік процесіне жұмсалатын күрделі шығындарды көрсетеді.

Tesla қараша айында алғашқы ондаған кибертракті тұтынушыларға жеткізген. Масктің айтуынша, компанияның мақсаты – жылына шамамен ширек миллион кибертрак өндіруге қол жеткізу. Дегенмен миллиардер көліктің ерекше пішіні мен тот баспайтын болаттан жасалған корпусына байланысты өндірісте кейбір қиындықтар бар екенін де жасырмаған.

Сарапшылар авто индустрия саласында 80-жылдары тот баспайтын болаттан жасалған DeLorean атты көліктен кейін бұндай көлік жасалмаған. Басқалардан ерекшеленіп, өзін көрсетуді қалайтындар үшін Cybertruck таптырмас көлік. Оның жанкүйерлері Қазақстанда да табылары сөзсіз.