Бағалы қағаз туралы түсінік қазақстандықтарға соңғы онжылдықтан бері ғана таныс.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы жолға қойылған ба?
1,988
оқылды

Онда да ел тұрғындарының біраз бөлігі бағалы қағаздардың дамуына күмәнмен қарайды. Ал бұл жағдайды реттеу үшін халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, нарықтық экономика жайлы түсініктерін молайтуды басты орынға қою  керек. Жалпы алғанда, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін инвестициялар тарту, қаржылық, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету сияқты бірқатар мәселені шешудің жолдарын қарастырғанымыз жөн. Қор биржасы арқылы бағалы қағаздар нарығы, онда акция, облигациялар, пайлар сатып алуға болады және сата аламыз. Осы қызметтерді Қазақстанда 28 жыл көлемінде жұмыс істеп келе жатқан KASE қор биржасы арқылы жүргіземіз.

Әрине, бағалы қағаздарды өз бетімізше сатып ала алмаймыз және сата алмаймыз. Оған міндетті түрде делдал керек, оны брокер деп атайды. Брокердің лицензиясы болуы, ресми түрде тіркелген болуы шарт. Ал бұл қор нарығы үкімет тарапынан бақыланып отырады. Қазақстан қор нарығында басқарудың аралас моделі бар, өйткені реттеуші инстанциялар ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті және коммерциялық емес өзін-өзі реттейтін ұйым «Қазақстан қор биржасы». Қазақстанда бір мезгілде және тең құқықтармен коммерциялық банктер, қор биржалары және басқалар қатысатын қор нарығының аралас, көп орталықты моделі қалыптасты. Бұл модель америкалықтардан ерекшеленеді, мұнда бағалы қағаздармен операциялар бойынша үлкен шектеулер бар.

Қазақстанның 2022 жылғы қор нарығының жай-күйі 2021 жылға қарағанда өскен, яғни халықтың инвестиция, бағалы қағаздар жайлы білімі жыл санап артып келеді. Оны жыл сайынғы қор нарығының бағамынан көре аламыз. 2023 жылғы қазан айында қор нарығын капиталдандыру 668,3 млрд теңгеге немесе 1,6%-ға азайып, 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 40,1 трлн теңгені құрады, десе де, 2023 жылдың басынан бастап – 12,5%-ға өскенін байқаймыз. 2023 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 3,5%-ға немесе 16,4 млрд теңгеге азайып, 456,8 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 6,3%-ға немесе 10,9 млрд теңгеге ұлғайып, 83,6 млрд теңгені құраған. (https://www.gov.kz/memleket )

Бағалы қағаздар нарығын жетілдірудің басым бағыттарына инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту, эмитенттер нарығына шығудың әкімшілік кедергілерін төмендету, бөлшек инвесторларға қаржылық қызметтер ұсынысын (ұжымдық инвестицияларды қоса алғанда – инвестициялық пай қорлары, зейнетақы жинақтарының қаражаты) реттеу, биржалардың стандартты емес мәмілелерді міндетті мониторингілеу талаптарын белгілеу  жатады. Қазақстанның қор нарығы дамыту мақсатында «2022-2024 жылдарға арналған Даму» стратегиясы құрылған. Оны құнды қағаздардың жаһандық көрсеткіштеріне, жергілікті макроэкономикалық үрдістерге  соның ішінде даму тәжірибесі үздік әлемдік биржалардың тәжірибелеріне байланысты құрастырған. Жаңа стратегияның басым бағыттарына, ең алдымен, бөлшек инвесторлардың қатысуының артуына қатысты өнім желісін кеңейту және әртараптандыруға көңіл аударған. Екіншіден, ESG қаржыландыру мен практиканы дамыту, тұрақты даму облигациялары (ESG облигациялар) экология, қорғау саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қамтиды және экологиялық облигациялар, әлеуметтік облигациялар, басқа облигациялар, тұрақты дамуды қаржыландыру жобалары қарастырылған. 

Қазақстан қор биржасы KASE басқармасының 2023 жылғы 12 желтоқсандағы шешімі бойынша Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары секторына бірнеше облигацияларды енгізілген екен. Бұл Қазақстанның бағалы қағаздары үшін өте ұтымды болары сөзсіз. Тағы айта кететін мәселе, халықаралық стандарттарға сай корпоративтік басқаруды, Blockchain технологиясын қолданып, нарықтағы қауіпсіздікті жақсарта алады. Blockchain – қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, орталықтандырылған ақпараттар базасы. Әрі төлемдер, аударымдар, қаржылық операциялар жасау тиімді әрі арзан болады, жылдам және делдалсыз жүргізіледі. Қазірдің өзінде blockchain және cryptocurrencies технологиялық және қаржылық талқылауларда басты орын алады. Кәсіпорындар мен үкіметтер блокчейнді жеткізуден бастап денсаулық сақтауға дейінгі әртүрлі салаларға енгізуде. Мұндай қадамдар, әрине, бәрімізді қуантады. Сондықтан егер де бағалы қағаздарды сатумен, сатып алумен айналысқыңыз келсе, KASE қор биржасын бақылап, тереңірек зерттеп алыңыз.

KASE қор биржасының листинг департаментінің директоры Жұлдыз Мажаринаның айтуынша, былтырдың өзінде 23 компанияның бағалы қағаздар енген. Бүгінде Қазақстан қор биржасында 1300-ден астам қаржы құралдары сатылымда екен. Тіпті қор биржасының қаржы көлемі 48%-ға артқан.  «Былтырдан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы IPO-ға шыға бастады. Жалпы ұсынылған акциялардың 85%-ы Қазақстан қор биржасында орналастырылды», – дейді ол. Бұған дейін қазақстандықтардың қор биржасында 1 млн-ға жуық шоты болған. https://kase.kz/kz/news/ деректеріне сүйенсек,  2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 367,7 трлн теңгені ($804,5 млрд) құраған Бұл 2022 жылға қарағанда 56,1 %-ға (долларлық мәнде 56,3 %-ға) өскенін көрсетеді.

Бағалы қағаздар нарығын жетілдірудің басым бағыттарына инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту, эмитенттер нарығына шығудың әкімшілік кедергілерін төмендету, бөлшек инвесторларға қаржылық қызметтер ұсынысын (ұжымдық инвестицияларды қоса алғанда – инвестициялық пай қорлары, зейнетақы жинақтарының қаражаты) реттеу, биржалардың стандартты емес мәмілелерді міндетті мониторингілеу талаптарын белгілеу жатады. Қаржы құралдарының жеткіліксіз жеткізілуі көптеген елдер үшін маңызды мәселе болып табылады. Алайда, біздің елімізде мәселе бағалы қағаздар нарығында салыстырмалы түрде жас компаниялар ғана емес, сонымен қатар шетелдік алаңдарда орналастыруды жөн көретін ірі, "көк чиптер" деп аталатын компаниялардың пайда болуымен күрделене түседі, соның салдарынан қазақстандық қаржы құралдарының саны жасанды түрде шектеледі.

 

Халел Лаура

Еуразия Ұлттық Университеті

Журналистика және саясаттану факультеті

3 курс студенті

Фото: egov.kz