Уикипедия мен Google іздеу жүйесі биыл адамзат ғаламтордан нені ең көп іздегені туралы қорытынды ақпаратты жариялады.
Биыл қазақстандықтар интернеттен нені көп іздеді?
inbusiness.kz
1,931
оқылды

Қазақстандықтардың Google-де нені іздейтініне келсек, "тренд" бойынша бірінші орынға өткен ғасырдың соңында Татарстан астанасы Қазанды дүрліктірген жасөскіндердің бандалары туралы ойдан шығарылған оқиғалар бейнеленген "Жігіт сөзі" телесериалы көтерілді. Сарапшылар оған деген сұраныс жасанды түрде "қыздырылып" жатқанына, фильмнің маркетингі аясында қазақстандық танымал ақпарат құралдарына жасырын жарнама орналастырылғанына назар аудартады.

Екінші орында – Chat GPT. Яғни, бұл жасанды интеллект қазақстандықтардың да іңкәрлігін оятқанға ұқсайды.

Үшінші тұғырға Character.ai қонды: Қазақстан халқы, әсіресе жастар жағы "нейрондық тілдік модельмен" жұмыс істейтін чат-бот функциялары бар осы қосымшаға тым үйірсек болып алғаны жасырын емес.

Жалпы алғанда, "Трендті" емес, Google арқылы ең көп ізделген ("Көшбасшылар") тақырыптарды алсақ, қазақстандықтар арасында 2023 жылы негізінен "Ауа райы", "Аудару сервисі" (переводчик), түрлі фильмдерді, әндерді жүктеу және оқушылардың "Күнделік" сервисі бәрінен көп сұранысқа ие екені анықталды.

Ал шетелдіктер арасында Google-де биыл еліміз туралы біріншіден, "Ауа райы", екіншіден, әлдебір сөзді қазақшадан тәржімалау, үшіншіден, Қазақстанның өзі туралы ақпарат, төртіншіден, Алматы туралы мәліметтер, бесіншіден, елдегі орыс тілінің жағдайына қатысты жаңалықтар көбірек қызықтырған болып шықты.