Ол Лас-Вегаста (АҚШ) 296-шы нөмірлі турнирде өнер көрсетті.
Шавкат Рахмонов тағы жеңді
Sports.kz.
3,040
оқылды

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (17-0) UFC турниріндегі алтыншы жекпе-жегін өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Онда ол америкалық файтер Стивен Томпсонмен (17-6-1) жекпе-жек өткізді. Бұл жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, екінші раундта Рахмоновтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Стивен Томпсон жетінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл Рахмоновтың 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды: наурыздың басында ол америкалық Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жек өткізіп, оны үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.