Жедел полиция бөлімшесінің қызметкері тапқырлықтан, түйсігі мен логикасынан басқа қандай қасиеттерге ие болуы керек?
Ақмолалық жедел уәкіл жалғыз өзі ұрыларды қалай ұстағанын айтып берді
3,036
оқылды

Нағыз жедел уәкіл өз кәсібін жақсы көруі тиіс, өйткені бұл қызметке адамдар кездейсоқ келмейді. Жедел уәкілді “сөйлету” мүмкін емес: мамандар өз жұмысы туралы айтқанға қарағанда қызметтің нәтижелі болғанына көбірек мән береді,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шынында да жақсы нәтижеге көп күш салу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Полиция қызметкері Аян Оспанов – өңірдегі жас әрі келешегі зор жедел қызметкерлердің бірі. Оның ҚР ІІМ Қарағанды академиясының қабырғасында алған білімі, Степногор қаласындағы учаскелік полиция инспекторы лауазымында және Степногор криминалдық полиция бөлімінде қызмет атқарған көпжылдық еңбек өтілі бар, ал қазір ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінде жұмыс істейді.

Ақмола полициясының қызметкері өзі туралы және жұмысы туралы жақсы сөйлесуге дағдыланбаған. Оның жұмысы шынымен де қауіпті және қиын. Аянның есебінде ондаған ашылған қылмыс пен жедел әзірлемелер және арнайы операциялар бар.

Ең есте қаларлық жағдайлардың бірі ол гастрольдік ұрылар тобының ұсталғанын және оның қылмыс орнына жалғыз барғанын атап өтеді. А.Оспановтың айтуынша, 2021 жылы Степногор аймағының аумағында пәтер ұрлығы бірінен соң бірі жасалған. Жедел уәкілдер бұл ретте аталған қылмысқа қылмыстық топтың қатысы бар екенін түсінген. Алайда ол қылмыстық топты ұстау оңай болмаған. Себебі қылмыскерлер қылмыстарды мұқият жоспарлап, іс жүзінде із қалдырмай кететін болған.

2021 жылдың мамырында таныстарының бірі Аянға үйдің кіреберісінде белгісіз ер адамдар бар екенін және олардың мінез-құлқы күдікті болып көрінгенін айтқан. Бұл пәтер ұрылары болуы мүмкін екенін түсінген жедел уәкіл дереу көрсетілген мекенжайға барған.

– Үйге келе жатып, мен ұрылар пәтерлердің бірінде екенін түсіндім. Көшеде жергілікті тұрғынды көрдім, ол кейінірек қылмыстық топтың мүшесі болып шықты. Ол үйдің сыртындағы жағдайды бақылап тұрған, – дейді ол.

Біреуін ұстап алып, Аян сол кезде олжамен жасырынуға тырысқан басқа гастрольдік ұрылардың сытылып кетпеуі үшін кіреберістің есіктерін жауып тастаған. Үш қаскүнеммен тең емес шайқаста, олардың біреуі полиция қызметкерінің бетіне бұрыш спрейін шашып үлгерген, дегенмен ол берілмей, көзінің күйіп қалуына қарамастан, олардың біреуін ұстап алған және жедел тергеу тобы келгенге дейін оны ұстап отырған. Қалған қатысқандар кейінірек ұсталып, топтың бес қылмысқа қатысы бар екенін дәлелденді.

Осы батылдығы мен жеделдігі үшін Полиция департаментінің бастығы Аян Оспановты алғысхатпен марапаттады. Биыл А.Оспанов департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына ауысты. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстау тәжірибесін дамытумен айналысады, тіпті жедел қызметкердің күнделікті өмірін құрайтын кейбір құпиялар туралы айтып берді. Бірақ құпия құпия болып қалуы керек, ал жедел қызметкердің өмірінің ең қызықты бөлігі, әдетте, “экраннан тыс”.