«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «КІТАП-AMANAT» мәдени-ағарту орталығында «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында кездесу өтті.
Атырауда «Кітап-AMANAT» жобасы аясында кездесу өтті
1,020
оқылды

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы «КІТАП-AMANAT»  мәдени-ағарту орталығында  «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында Жастар мәслихатының депутаттары мен оқырмандардың қатысуымен жерлес жазушы, драматург,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері,  Атырау қаласының және Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрметті азаматы  Рахымжан Отарбаевтың жары, «Отарбаевтың Руханият қоры» жеке қорының жетекшісі Сәуле Отарбаевамен кездесу өтті.

Жазушының жары Рахымжан ағайдың естеліктерімен қатар, әдебиет пен мәдениет, тарихи тұлғалар, өмірлік құндылықтар, қыз бала қашан тұрмысқа шығуы керек, кәсіптің несібесі туралы өзінің толғамды ойларымен бөлісіп, көрермендердің көкейіндегі сауалдарға тұщымды жауаптарын берді.

Іс-шара аясында «КІТАП-AMANAT»  мәдени-ағарту орталығына жазушының кітаптарын сыйға тартып, орталықтың кітап қоры  құнды қазынамен толықты. Жастармен бір толқында әңгіме өрбітіп, көрерменнің қошеметіне бөленген Сәуле Отарбаеваға «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Абдолла Идресовтың Алғыс хаты мен орталықтың қорынан «Қарашаңырақ» кітабы сыйға тартылды.

Баян ЖАНҰЗАҚ