Бүгін Ұлытау облысында «AMANAT» партиясынан сайланған бар­лық деңгейдегі мәслихат депутаттарының І облыстық форумы өтті.
Партия халық алдында уәдесін орындауда – Берік Әбдіғалиұлы
969
оқылды

Жиынға облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы қатысты. Сондай-ақ партия белсен­ділері, облыстық басқарма және департамент басшылары да қа­тысты. Форум жұмысына «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиал төрағасы, Ұлытау облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов ашып, жүргізді.

Форумның ашылуында сөз алған Ұлытау облысының әкімі партияның облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі өзгерістер мен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша қысқаша баяндама жасады.

 Елімізде болатын саяси-экономикалық  реформаның жетістігі мен кемшілігіне «AMANAT» партиясы жауапты. Өйткені бұл партия халық алдында уәде беріп, өзіне үлкен міндет алған. «AMANAT»-тың «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарлам–асы әрбір қазақстандықтың  мүддесін ескеріп жасалған. Депутат қараша халық пен үкімет арасындағы алтын көпір десек, олардың басты мақсаты тұрғындар шағымын жоғары билікке жеткізу, болған мәселелердің уақытылы әрі сапалы шешілуіне ықпалдасу. «AMANAT» партиясының жұмысындағы басты басымдылық та осы,– деді Берік Әбдіғалиұлы.

Оның мәліметіне сәйкес, облыстың экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2023 жылдың ІІ тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға өсіп, 749 млрд теңгені құрады.

Биылғы жылдың 10 айы ішінде біз өнеркәсіптік өндіріс  біршама төмендеген. Бұл ЖМЗ-ның кен-термиялық пешін күрделі жөндеуге тоқтатумен байланысты. Төмендеу көрсеткіші ауыл шаруашылығында да байқалған. Ал әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш едәуір артқан.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша осы жылы 125 іс-шараның 30 жобасы ауыспалы, аяқталу мерзімімен 95 іс-шара, 55-і орындалу барысында. Орындалған жобалардың қатарында  ULYTAU  футбол клубы және Ұлытау техникалық университеті ашылды. 10 мектептік автобус сатып алынды. 5 903 адам жұмысқа орналастырылып, 213 түлек жастар  практикасына жіберілді. Осы сияқты оң өзгерістер қатары артып келеді.

Форум аясында облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары сөз алып, өз саласы бойынша есеп берді. Ал депутаттар өз кезегінде сауалдарын жолдап,  орган басшыларымен тікелей тілдесуге мүмкіндік алды. Ал Ұлытау облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Светлана Жумкина фракция жұмысы бойынша есеп берді.

Жалпы, Ұлытау облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «AMANAT» партиясының 6 депутаттық фракциясы бар (1 облыстық, 3 қалалық, 2 аудандық). Облыс мәслихаттары депутаттарының саны 84 адамды құрады, оның 67-і  – «АМАNАТ» партиясының мүшелері.