Бүгінгі валюта бағамы қандай?
14 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Фото: kapital.kz
1,528
оқылды

Ұлттық банк 14 желтоқсанға арналған ресми валюта бағамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгінгі ресми бағам бойынша 1 доллар құны 455,69 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 458-461 теңге аралығында саудаланып жатыр. 

Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы  5,07 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,01-5,19 теңге аралығында болса, Астанада көрші ел валютасы 5,07-5,17 теңгеден сатылуда.