Жазы аптап ыстық, қысы қы­тымар, қара суық Маң­ғыстаудың ауа райы күніне қырық құбылады. Мұнда өмір сүру үшін адамның на­ғыз көнбіс, көнторы шаруа­ге­рі ғана, ал малдың сұрып­та­лып, әбден сүзгіден өткен түрі ғана шыдас береді.
Суландыруды субсидиялау неге азайды?
466
оқылды

Өзгесі ат айналар қа­шық­тықта саудырап не тұлыбы қа­лады, не тұлымы көп төбе­шіктің бірінен тыныс табады. Шіліңгір шілдеде де ақырған ақпанда да мал баққан қазаққа ең қат нәр­се – су, оны ерте көктемде қар суын қолдан көміп, күпке жина­ған. Мұндай орындарды шаруа­герлер ерекше қадірлеп, әрқай­сысына ат беріп, айдар тақ­қан. Олардың аты да заты бұл жер­лер­де сонау орта ғасырлардан бері белгілі.

Бертін келе құдық қазу, оны кәсіпке айналдыру үрдіс бола бас­тады. Жер асты суларын жадқа тоқыған, құдық қазудың қыр-сырын білетін белгілі белгілі рулар мен әулеттер болған. Мә­селен, Қараш руында Бейнеубай, Қожамсүгірде Ерше, Бегейде Ораз, Көрпеде Бисембай, Құ­нанорыста Айтқұл, Өрдекте Жүнбас пен Кенженің есімдері табиғи дарын, айтуылы құдықшы ретінде ел жадында мәңгі сақ­талған.

Бүгінде Маңғыстау облы­сындағы мал өсіруші шаруа­шы­лық­тарды сумен қамтамасыз ету­д­егі құдық қазу әдісі мүлдем өз­герген. Ол арнайы Үкімет тара­пынан қаржыландырып отырады. Мәселен, Қазақстан Респуб­ли­касы Ауыл шаруашылығы ми­нистрінің 2018 жылғы 23 шілде­дегі №317 «Инвестициялық са­лымдар кезінде агроөнер­кәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыс­тардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі – Қағида) № 4 «Жайылым­дарды суландыру инфрақұры­лымын құру және мал өсіруші шаруашы­лықтарды сумен қам­тамасыз ету (құдықтар, ұңғы­малар)» жоба­сының паспорты бойынша 2014-2023жылдар ара­лығында – қазылған 498 ұңғымаға 1527 111,1 мың теңгеге субсидия төленген. Атап айтар болсақ;

2014 жылы – 8 ұңғыма 19 438,8 мың теңгеге субсидияланды (80%);

2015 жылы – 57 ұңғыма 133 333,6 мың теңгеге субсидияланды (80%);

2016 жылы – 76 ұңғыма 213 890,7 мың теңгеге субсидияланды (80%);

2017 жылы – 56 ұңғыма 188 352,5 мың теңгеге субсидияланды (80%);

2018 жылы – 71 ұңғыма 255 486,4 мың теңгеге субсидияланды (80%);

2019 жылы – 66 ұңғыма 178 329,8 мың теңгеге субсидияланды (80%);

2020 жылы – 71 ұңғыма 181 344,5 мың теңгеге субсидияланды (80%-50%);

2021 жылы – 44 ұңғыма 119 749,5 мың теңгеге субсидияланды (50%);

2022 жылы – 23 ұңғыма 107 492,5 мың теңге субсидияланды (80%);

– Биыл  – 25 ұңғыма 129,7 мың теңге субсидияланды (80%). Алайда, 29 қараша күні Қағидаға өзгерістер мен толықтырулар ен­гізіліп, № 4 жоба паспортына суб­сидиялау үлесін тек 50% етіп енгізілді, – дейді Маңғыстау об­лыстық Ауыл шаруашылығы бас­­қармасының ауыл шаруа­шылы­ғы техникалары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Совет. 

Бұдан былай субсидия алуға қажетті құжаттар тізбесі де көбей­тілген. Өз кезегінде бұл өзгерістер өңірдегі жайылымдарды сулан­ды­ру жұмыстарын бәсеңдетеді дейді өңірдегі шаруашылық ма­мандары. 

Сағындық РЗАХМЕТОВ,

Маңғыстау облысы