«AMANAT» партиясы жа­нын­дағы Өңірлік даму жө­нін­дегі республикалық ке­ңестің кезекті отырысында елі­міздегі республикалық маңызы бар автомобиль жол­­дарын салу, қайта жаңар­ту және күрделі жөн­деу мәселелері талқы­ланды.
Жол құрылысы 61%-ға қымбаттап кеткен
627
оқылды

Республикалық жолдарды салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу, облыстық және аудан­дық маңызы бар жолдарды жөн­деу – «АМАNАТ» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағ­дарламасындағы не­гізгі ба­сым­дықтардың бірі. Мем­лекет басшысы биылғы Жолдауын­да бұл мәселенің стратегиялық ма­ңызын ерекше атап өтіп, «Авто­көлік жолдарының құрылысы мә­селесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтер­мейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жем­қорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер. Сондықтан, жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдау қажет» деген болатын. 

Осы орайда кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Берік Бейсен­ғалиев республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу ел эконо­микасын дамытуда аса маңызды рөл атқа­ратынын атап өтті. 

«Өкінішке қарай, жол салу жұмыстарының 4-5 жылға, тіпті 7 жылға дейін созылуына куә болып отырмыз. Мәселен, сон­дай авто­жол­дар ретінде «Тал­ды­қорған – Өскемен», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Қарағанды – Алматы», «Атырау – Астрахан» және бүгінгі жиында талқылаған «Қызылорда – Жез­қазған» жолдарын атауға болады. Жол құ­рылысы созылғандықтан, оның салу құны да жыл санап өсіп бара жатыр. Мәселен, соң­ғы атал­ған бағыт бойынша құ­ры­лыс мате­риал­дарының қым­баттауына бай­ла­нысты жасалған түзетулерден кейін жол салу құны 61%-ға өсіп кетті», – деді кеңес төрағасы.

Көлік вице-министрі Сәт­жан Аблалиевтің айтуынша, биыл республика бойынша 10,7 мың шақырым жолда жөндеу жұ­­мыс­тары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 6,5 мың шақыры­мы – рес­публикалық маңызы бар жол.

 Биыл тамыз айында партия төрағасы Ерлан Қошановтың жеке қабылдауына жазылған Алтай қа­ла­сының тұрғындары Осинов асуы деп аталатын «Өс­кемен-Ал­тай-Рахман қайнары» жол учас­кесін жөндеу мәселесін көтерген еді. Кеңес отырысында 7 жылдан бері шешілмей келе жатқан осы мәсе­лені партия хат­шысы Ержан Жыл­қыбаев тағы да ортаға салды. Ол Алтай және шекара маңындағы Катон­Қарағай ауданының 80 мың­нан астам тұрғыны мен он мың­даған туристер үшін бұл учас­кенің өмірлік маңызы зор екенін бас айтты. Сондай-ақ партия хат­шысы Ветелка және Новос­трой­ки елді мекендерінен Орал қа­ла­с­ына дейінгі жолдың толық бол­мауы бү­гінде көптеген қо­лай­сыздық туғы­зып отырғанын жеткізді. Атап айт­қанда, жолдың болмауынан оқу­шылар маусы­маралық уақытта мектепке, тұрғындар жұмысқа бара алмай­ды, жедел жәрдем де мұнда уақтылы жете бермейді.

Бұл мәселеге қатысты Көлік вице-министрі Сәтжан Абла­лиев аталған жол учаскесінде жөндеу жұмыстары 2 жыл ішінде толық аяқталатынын жеткізді. 

Сонымен қатар жиында елі­міз­дегі ең тозығы жеткен жол­дардың бірі – «Қызылорда–Жез­қазған» тас жолының мәсе­лесі де көтерілді. 

«Қызылорда облысында жұмыс аяқталуға жақын. Ал Жезқазған жағынан жол салуға қатысты сатып алу конкурс­та­рына ешкім қатыспа­ғандықтан, 2021 жылы жасалған жобалық-сметалық құжаттамасы қайта жасалып жатыр. Мұнымен қа­тар, «ҚазАвто­Жол» компаниясы конкурстық рәсім­дерді жүр­гізуде. Егер экспер­ти­заның қо­ры­тындысын алатын бол­сақ, мердігер компания анық­­­­та­лады. Келесі жылы құ­ры­­лыс жұ­мысын бастаймыз», – деді вице-министр. 

Тұрғындар жылдар бойы ша­ғым­данып келе жатқан күрделі мәсе­лелердің бірі – Қостанай облы­сының Арқалық қаласы­нан Ақмола облысының Дер­жа­винск қаласына дейінгі «Жез­қаз­ған-Петропавл» тас жолы­ның жағдайы. «ҚазАвтоЖол» компаниясы жөн­деу жұмыс­тарын 2024 жылы аяқ­тауға уәде беріп отыр. Алайда жақын маң­дағы елді мекендердің тұр­ғын­дары жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты көптеген сұрағы мен шағымын жеткізуде.

Жиын нәтижесі бойынша бір­қатар қорытынды жасалды. Атап айтқанда, жұмыс көлемі, сапасы көңіл көншітерліктей емес. Алдағы 6 жылда 8 мың ша­қырымға жуық халықаралық және рес­пуб­ликалық автомо­биль жолдары са­лынып, ре­конструкцияланатын болады. Яғни, жылына 1 мың ша­қы­рымнан сәл асатын жол жаңара­ды деген сөз. 

Сонымен қатар «Қызылорда-Жезқазған» тас жолы сынды құ­рылыс жұмыстарының бір­неше жылға созылып кетуі оның құны­ның бірнеше есе қым­баттауына, соның салдарынан жұмыс мерзі­мінің де шегерілуіне әкеліп отыр. Битум, қиыршық тас, цемент сияқ­ты басқа да жол-құрылыс материал­дары жетіспейді, бұл да жұмыстың аяқталу мерзіміне әсер етеді. Түп­­теп келгенде мұның барлы­ғынан жұмыс сапасы зардап шегеді.

Республикалық маңызы бар жолдарды салудағы негізгі мә­селе­лерді шешу үшін уәкілетті орталық және жергілікті атқару­шы орган­дарға бірқатар ұсыным берілді. Оның ішінде шығын­дарды оңтай­ландыру және құ­ры­лыстың өзіндік құнын тө­мен­дету, қатаң сапа стан­дарттарын басшылыққа алу және олардың сақталуын бақылау қа­ралды. Сондай-ақ заманауи тех­но­ло­гиялар мен материалдарды ен­гізу, тендерлер мен келісімшарт­тар­дың ашық рәсімдерін өткізу, ау­дитті күшейту, климат ерек­ше­лік­терін ескеретін техноло­гия­ларды әзірлеу және қолдану ұсынылды.