Әзербайжанның Шуша қаласында үздік журналистер марапатталды.
AIQYN газетінің Бас редакторы Амангелді Құрмет халықаралық сыйлыққа ие болды
1,092
оқылды

ТҮРКСОЙ үздік журналистерге «Баспасөз марапатын» табыстады. Бұл туралы Aikyn.kz Turksoy-ға сілтеме жасап хабарлайды.  

Биыл Шуша түркі әлемінің мәдени астанасы болды. Соған орай салтанатты іс-шарада ТҮРКСОЙ-дың «Баспасөз марапаты» түбі бір түркінің 9 елінен келген 16 БАҚ өкіліне табысталды. 

AIQYN республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы Амангелді Құрмет үздік атанды. 

 

Сонымен қатар «Хабар24» арнасының тілшісі Меруерт Памбетова да марапатталды. 

 

Айта кетейік, ТҮРКСОЙ-дың «Баспасөз марапаты» түркі мәдениетін, тарихын халықаралық деңгейде насихаттаған азаматтарға беріледі.