Анасы мен баласының неге келіспей қалғаны беймәлім.
30-дан енді асқан ер кісі туған анасын 136 жерінен пышақтаған
909
оқылды

Тәжікстанның Конибодом қаласында анасын айуандықпен өлтірді деген айыппен 32 жастағы азамат қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол анасына 136 рет пышақ сұққан. Бұл туралы Тәжікстанның Ішкі істер министрлігінің Соғды облысы бойынша баспасөз хатшысы Акбар Шарифи мәлімдеген.

Kazinform-ның жазуынша, 24 қарашада қамауға алынған Шахриёр Норматов 65 жастағы анасы Халимаджон Норматовамен жанжалдасқаны айтылады.

Ана мен бала арасындағы кикілжіңнің себептері белгісіз.

Тергеу кезінде анасының қалай қайтыс болғанын Шахриёр Норматовтың өзі айтып берді.

«Ол пышақ ала жүгіріп, мені ұрмақ болды. Бірақ мен одан пышақты тартып алып, бетінен бір рет ұрдым. Сосын ішіне, қолына, мойнына, басына пышақ сұғып алдым. Ол құлап өлді…», – дейді ол. 

Тергеу барысында анықталғандай, Норматов әйелге 136 рет пышақ сұғып, қылмыстың ізін жасыру үшін әйелдің қанды киімін ауыстырып, бөлмесіне апарып, төсекке жатқызып, еденнің қанын жуып, кісі өлтіру үшін қолданылған пышақты тазалап, ізін суытқан.

«Келесі күні ғана Норматов туыстарына анасының күтпеген жерден қайтыс болғанын хабарлады, бірақ әйелдің туыстарының бірі оның мойнындағы жараларды байқаған. Марқұм әйелдің туыстары «күтпеген жерден және кенеттен қайтыс болды» деген хабарға сенбеген», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ әйелдің психикалық аурумен ауырғаны және 1993 жылдан бері жергілікті психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны белгілі болды.

Акбар Шарифидің айтуынша, Шахрёр Норматовтың психикалық жағдайы психиатриялық сараптамадан өтеді, бірақ ол әлі психологтердің тексеруінен өтпеген.

Шахриёр Норматовқа Қылмыстық кодекстің 104-бабы (Аса қатыгездікпен кісі өлтіру) бойынша айып тағылды.

Ол 25 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.