Ақтөбе қаласындағы 540 үлескер 11 тұрғын үйге сомасы 3,5 млрд теңге қаражатын құйған.
Ақтөбе үлескерлерінің мәселесі шешіліп жатыр – облыс әкімі
768
оқылды

Ақтөбе қаласындағы 540 үлескер 11 тұрғын үйге сомасы 3,5 млрд теңге қаражатын құйған. Бұл нысандардың құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмай отыр. Бұл жайында өңір басшысы Асхат Шахаров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі таңда 11 проблемалық нысан басшылырына қатысты қылмыстық істер қозғалды. Оның ішінде 6 тұрғын үй бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал 5 нысан бойынша істер сотқа жолданды. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсетіліп жатыр.

«Құрылыс кооперативтердің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасы» бекітіліп, тиісті шаралар қолға алынды. Сонымен бірге, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, Ақтөбе қаласы әкімдігі жанынан «Ақтөбе құрылыс компаниясы» атты уәкілетті ұйым ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп хабарлады спикер.

Өткен 10 айда қаржыландыру көздері есебінен 818 мың шаршы метр тұрғын үй халық игілігіне берілді. Ал, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті рекордтық 1,3 млн шаршы метрге дейін жеткізу жоспарда бар. Бюджеттік қаражат арқасында биыл әлеуметтік тұрғын үй құрылысы арқылы 974 пәтер пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтар мен көпбалалы отбасылар үшін 360 дайын пәтер сатып алынды.